Новости кино


Танымал журналист, продюсер, әнші әрі актриса Баян Есентаева ұзақ уақыттан бері қазақстандықтар арасында үлкен танымалдыққа ие. Ол – көптеген жас бизнес-бикештерге үлгі болып жүрген тұлға.

Шоу-бизнестің ерекшеліктері жайлы, отбасы мен өзінің жалпы болмыс-бітімі туралы Баян www.1tv.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында әңгімелеп берді.

- Баян, ең алдымен Сізді мезі еткен сұрақтан бастайын: Сізді, расында да, қазымыр мінезді "темір ханым" деп атауға бола ма?

- Әлі күнге дейін солай санай ма? (күледі). Бұл – толықтай ойдан шығарылған образ және мұны шығарған мен емес. Мен бұл образға сай болайын демеймін де. Себебі мен ұдайы талмай еңбек ететін, тек алға жылжитын әйелмін. Кейде сәті түседі, кейде ойлаған нәрсе болмай жатады, алайда көбінесе мен жасаған дүние маған және менің тобыма жетістік әкеледі.

Мен өзімді мінезсізбін демеймін, ол мінезбен мен туылдым, қазір де бар бойымда. Егер жиырма бірінші ғасырда ол мінезімді қазымырлыққа саятын болса, онда көпшіліктің айтқаны рас та шығар. Егер, шынымды айтсам, мен қазымырлық деген сөздің мағынасын түсінбеймін. Мен үшін бұл – мінездің бір көрінісі ғана. Демек, мені және менің алға қойған мақсаттарымды алға жетелейтін – мінез ғана. Ұдайы қозғалыс – мен үшін жұрт айтып жүрген қазымырлық мінез сол шығар.

- Сонда Шығыс әйелінің жұмсақтығы мен жуастығы Сізге тән емес пе?

- Мен өзімді бір жаман, жексұрын адаммын дей алмаймын. Осы өмірде ешкімнің көзіне қарай алмайтындай ұятты қылық жасаған жоқпын. Менің ақиқатым да, адал ниетім де, жұмыс пен отбасыма және достарыма, өз кәсібіме деген менің адал қарым-қатынасым да – осы. Әрбір адамның жақсы және осал тұстары болады. Мен де олардан құр алақан емеспін.

Алайда, меніңше, жаманнан гөрі, жақсы тұстарым көп шығар деп ойлаймын. Әрине, менің де қырсықтығым бар, маған әлдебір нәрсе ұнамауы мүмкін, мен әлденемен күресемін, мен бірге жұмыс істейтін адамдарға әрқашан талап қоямын.

- Ал үйдегі және жұмыстағы Баян Есентаева– екеуі екі бөлек әйел ме?

- Бұл енді менің жақындарыма қойылатын сұрақ шығар. Қазір менде жұмыс пен отбасының аражігі білінбей, екеуі араласып кетті. Жұмыс та – мен үшін отбасы, себебі мен онда зор ықыласпен келемін. Біздің өз кеңсеміз, өз ортамыз, ортақ істеріміз бар.

Shine production-да жұмыс жасайтын барлық қызметкерлер – оның ішінде өзімнің сіңлім де бар, барлығы – менің құрбыларым. Сондықтан үйге қатысты айтарым, мен үйде жұмысқа қарағанда аз уақыт өткіземін. Үйде мен таңғы, кешкі асымды ішемін, түнеймін. Үйде мен кәдімгі әйелмін. Үйде мен біреудің жарымын, біреудің қызымын, балаларымның анасымын.

Үйге келгенде жұмыс туралы көп әңгіме қозғамауға тырысамын. Менің балаларым бар, олардың өз қызығушылықтары бар, олардың өміріндегі маңызды жайттардың бірін де жіберіп алмауға тырысамын. Өзімді жеткілікті деңгейде жақсы анамын деп айта аламын. Бүкіл өмірімді балаларымның жолына арнап отырмын деп те айта алмаймын.

Бірақ, меніңше, өз-өзіңді тұлға ретінде дамытып, барлығының қазанға, жаялық пен үй шаруашылығына келіп тірелмейтінін көрсетіп, балаларға үлгі болған дұрыс деп ойлаймын. Бір адамдай үй шаруасын дөңгелетіп отырған әйелмін, себебі үйімде әрдайым, тазалық, тәртіп орнаған, қазанда кем дегенде екі тамақ түрін қашанда таба аласыз, осының барлығына үлгеруге тырысамын. Өз-өзімді мақтағаным емес, алайда бұл, расында да, солай.

- Сіздің қазір екі қызыңыз өсіп келе жатыр. Жолдасыңыз екеуіңіз ер бала туралы армандайтын шығарсыздар? Жалпы, үшінші баланы дүниеге әкелу жоспарларыңызда бар ма?

- Иә, ұлды болғым келеді. Қызға да кет әрі емеспін. Маған ұл болсын, қыз болсын – бәрібір. Мен үшінші баланы өмірге әкелуге өзімді психологиялық тұрғыдан дайындалып жүрмін. Себебі мен үшін бұл – өте қиын кезең. Ол шақты сондай бір бақытты, ғажап санайтын әйелдерге қарағанда, мен үшін жүктілік кезеңі – аса ауыр кезең. Жағдайым нашарлап, күйім кетеді, ешнәрсені жаратпай, ашуланшақ болып кетем.

Менің осыған дейінгі екі жүктілік кезеңім дәл осылай өткен еді. Әр баламды дүниеге әкелу үшін мен осындай қиындықтардан өтуге мәжбүрмін. Үшінші баланы дүниеге әкелуге бел буу үшін, маған алдымен психологиялық тұрғыдан жақсылап дайындалу қажет, өз-өзімді аяймын.

Біріншіден, сыртқы түр-тұлғаның сәні кетеді. Оны мен жақсы білемін және қазіргі менің жасымдағыдай бала туу үшін сәл кештеу кезеңде қайта қалпына келуің де қиын. Мен салмағыма, белімнің алпыс бес сантиметрден аспауына әрдайым көңіл бөлемін. Бұл оңай емес. Өзіме осылай қатал қарағандықтан, тәуекелге бел буу мен үшін қиын болып тұр. Егер осы екі жыл ішінде шешім қабылдамасам, ары қарай бала тууға ешқашан беттей алмайтын шығармын. Сондықтан мен бұл іске қырық жасқа дейін өзімді дайындап жүрмін.

- Жарыңыздың Сіздің мансапқа жету жолыңыздағы орны туралы, ол кісінің Сізге кәсіпті бастауға қаржылай тұрғыдан көмек бергені жайында көп естиміз. Бұл рас па?

- Мен әрдайым жұмыс істеп келем. Алдымен редактор болып жұмыс істедім, микрофонды қолыма алып, әрлі-берлі жүгіріп жүрдім. Кейін ұзақ уақыт бойы, алты-жеті жылдай жаңалықтар редакторы болдым. Одан кейін менің алғашқы авторлық бағдарламам пайда болды. Барлығына біртіндеп қол жеткіздім.

Ал жарыма қатысты айтырым, біріншіден, ол маған кедергі келтірген емес. Шығармашылықпен айналысатын әйел үшін күйеуінің ең үлкен көмегі осы болмақ. Екіншіден, ол әрдайым маған сенім артатын. Кейде ойлағаным болмай, үйге тауым шағылып келгенде, ол менің көз жасымды көрген, мені жұбатқан жалғыз адам болатын. Ол маған әрдайым "бәрі жақсы болады, бәрі оңынан туады" деп айтады.

Пластикалық ота жасатты деген әңгіме – шындыққа мүлдем жанаспайды. Мен өзімді соншалықты кәрі санамаймын. Жасым – бар болғаны отыз сегізде. Сондықтан қазіргі сән индустриясының дамығандығы соншалық, маған осы жасымда да пластиканың көмегінсіз, әдемі көрінуге мүмкіндік бар.

Сөйтіп, мен бизнеспен айналыса бастағанымда, қаржылай қолдау көрсеткен, әрине, сол болды. Мұны жасырудың реті жоқ. Ол кезде менің өзімнің материалдық мүмкіндіктерім болмаған. Әлі күнге дейін мен бизнесімде әлденені сәтсіз бастасам, оның көмегіне жүгінемін. Ол ешқашан көмегін аямайды. Иә, қазір мен табысты жақсы табамын. Шоу-бизнес аясында бизнеспен айналысқаныма алты жылдай уақыт өтті. Осы уақыт аралығында барлығына күйеуімнің көмегімен қол жеткіздім дей алмаймын.

- Көптеген әйелдердің: "Осы Баян Есентаеваның сыртқы түр-тұлғасы мен сымбатын әрдайым жақсы күйде ұстай білуінің сыры неде?" деген сұраққа сауал іздейтіндеріне сенімім мол. Қандай да бір пластикалық отаның көмегіне жүгініп көрдіңіз бе?

- Жоқ, пластикалық ота жасатты деген әңгіме – шындыққа мүлдем жанаспайды. Мен өзімді соншалықты кәрі санамаймын. Жасым – бар болғаны отыз сегізде. Сондықтан қазіргі сән индустриясының дамығандығы соншалық, маған осы жасымда да пластиканың көмегінсіз, әдемі көрінуге мүмкіндік бар. Мен ешқашан терімді тартқызып, ботокс жасатып көрген емеспін. Бар айтарым, мен өзіме өте жақсы күтім жасаймын.

Қазір мені мазалайтын бір ғана жайт бар: жарты жылдай болды, жаңа идеялардың тууын асыға күтудемін. Қым-қуыт жұмыс, тапсырыстар бар, жобалар бар, алайда жаңа идеялар жоқ.

Көрінген нәрсені жемеймін. Әрдайым косметологтың қабылдауында болып, бетіме маскалар, массаж жасатып тұрамын. Сондай-ақ үй күтімін жасаймын. Менің өзім жақсы меңгеріп алған айла-тәсілдерім бар, бетке арналған түрлі массаж жасайтын құралдар бар. Инеге қатыстының барлығынан қорықпағанда, мен де он әйелдің тоғызы сияқты шаншулар алып, жылдам нәтижеге жетер ме едім.

- Кәсіби өміріңізде нендей жаңалықтар болып жатыр?

- Менің іске асырсам деген жобаларым өте көп. Оның ішінде музыка да, кино да, сериалдар мен телевизиялық жобалар да бар. Мен оларда бір айтарлықтай жаңалық аштым дей алмаймын. Мен үшін олар – кәсіби өмірімдегі келесі бір саты ғана. Биыл біз фильм түсіріп, сұлулық байқауын өткіздік, жаңа сериал түсіріп жатырмыз, сериалдан кейін музыкалық марапаттау салтанаттарын өткізу жоспарда бар.

Менің бір жақсы қасиетім бар. Мен жасаған дүниелерім туралы тез ұмытамын. Демек, бір істі бітіре сала, екіншісіне кірісем, босаңсымаймын. Фильм түсірдім бе – түсірдім. Келесі күні мені басқа жобалар қызықтырады. Қазір мені мазалайтын бір ғана жайт бар: жарты жылдай болды, жаңа идеялардың тууын асыға күтудемін. Қым-қуыт жұмыс, тапсырыстар бар, жобалар бар, алайда жаңа идеялар жоқ.

Алайда бір күні ұйқыдан оянғанымда, жаңа бір нәрсе ойлап табатыныма сенімім мол. Мен өткенмен өмір сүрмеймін. Маған әрдайым ең маңызды іс мені алда күтіп тұрғандай көрінеді.















Отзывы