Новости кино


Қазақстандық "Жаужүрек мың бала" фильмі Голливудтың киносыйлығы "Оскардан" үміткерлердің қатарына енді.

Zakon.kz хабарлағандай, бұл туралы "Еуразия 2012" халықаралық кинофестивалінде белгілі болған. Бұған дейін Ақан Сатаевтың фильмі "Оскар" үшін күреседі делінген болатын.

Бүгін номинацияның бекітілгені туралы ақпарат ресми расталды. Естеріңізге салайық, "Жаужүрек мың бала" фильмі 2012 жылдың 3 мамырында прокатқа шыққан болатын.

Алғашқы апта ішінде ол отандық фильмдер арасындағы кассалық жиынның рекордына қол жеткізді. Картина 2 миллион доллардан астам қаржы түсірді.

Отзывы