• популярные новости

Новости кино


Бірнеше жылдан бері қазақ эстрадасынан өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсіп, қазақтың асыл мұрасы болып есептелетін қобыздың үнін әндері мен әуендеріне арқау етіп келе жатқан "Асыл" тобы бүгін де үлкен ізденіс үстінде. Біршама репертуар жинаған этнотоптың қоржыны тағы бір бейнеклиппен толықты.

Ерік Асқаровтың сөзі мен Ермек Шакеевтың әніне жазылған "Кірлеме, менің жүрегім" туындысы жарыққа шықты. Әннің әуені де, сөзі де философиялық ойға толы. Мұндағы басты тақырып - ақ пен қараның, жақсы мен жаманның айырмашылығы және таза жүректің өмір ағымына қарай кейбір келеңсіз жағдайларға тап болуынан кірленуі. Асылдықтар орындауындағы бұл әнді бейнебаяндағы сюжет толықтыра түскен.

Отзывы