Новости кино


6 маусым күні әлемнің әр қиырындағы мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айы келіп жетті. Қаланың қарбалас өмірі осы айда ауыз бекіткен жандарға отбасылық дастархан басында отырып, дәм татуға мүмкіндік бере қоймайды. Осы орайда AFISHA.NUR.KZ ораза тұтқан алматылықтар назарына  ауызашар өткізуге қолайлы орындарды ұсынады. 

Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының көп екені белгілі. Алайда, біз тек халал тағам ұсынатын дәмханаларды назарға алып отырмыз. Айта кету керек, көп асханалар жұмыс уақытын ораза тұтушы жандарға лайықтап өзгерткен, ал кейбіреуінде намаз оқуға арналған арнайы бөлме қарастырылған.

ШАФРАН

6 маусымнан 4 шілде аралығында Шафран кафесі кешкі сағат 20:30-дан бастап, 03:30-ға дейін жұмыс істейді. Дәмхана қонақтарына халал, шығыс және еуропалық тағамдар ұсынылады. Ауызашар дастарханға алдын-ала тапсырыс беруге болады.
Мекен-жайы: Достық ықшамауданы, Ильич көшесі, 32, Яссауи көшесінің қиылысы. 

 


 ҚУЫРДАҚТЫҢ КӨКЕСІ

Қуырдақтың көкесі Рамазан айында барлық қонақтарына 10 % жеңілдік ұсынады. 2000 теңгеге  сорпа, қуырдақ және салатқа тапсырыс бере аласыз. Ал сусыннан қымыз бен шұбат беріледі.  Тек қазақ ұлттық тағамдарын ұсынатын Алматыдағы бұл дәмхананың ашылғанына көп бола қойған жоқ. Соған қарамастан, мұнда танымал жұлдыздар жиі ат басын тірейді екен.  Күнде кешке талантты өнерпаздар өнерлерін көрсетеді, сондықтан, мұнда тек қарын емес, көңіл тойдырып қайтуға болады.
Мекен-жайы: Әуезов көшесі 39А, Қабанбай батыр қиылысы
 

 


 КОКОН 

Кокон ресто-бар қасиетті Рамазан айында 2 түрлі ыстық тамақ, 2 түрлі сорпа, 2 салаттан тұратын толық рационды меню ұсынып отыр. Оған қоса, морс және шай береді. Арнайы менюдің құны – 2500 теңге. Ауызашар кезінде бұл мекеме қонақтарын тегін құрма және ыстық шелпекпен қуантып жүр. Ресто-бар қызметкерлері барлық тағамдарының Халал нормасына сай екенін айтады. Орындар шектеулі болғандықтан, бұл жерге алдын-ала тапсырыс берген ыңғайлы.
Мекен-жайы: Толе Би 24/Б


 АЛЬ-МИНАРИ

Аль-Минари мейрамханасы қонақтарға қолжетімді кешкі ланч ұсынуда. Екі ыстық тағам және салатты 1000 теңгеге алуға болады. Ал туған-туыс, дос-жараныңызға ауыз аштыртатын болсаңыз, адам басына 2600 теңгеден бастап жеке меню құрастыра аласыз. Осы ақшаға шамамен екі ыстық тағам, екі түрлі салат, екі түрлі тіскебасар, шай және бауырсаққа тапсырыс беруге мүмкіндік бар.
Мекен-жайы: Розыбакиев көшесі, 234, Өтепов көшесінің қиылысы.


ХУРМА

Хурма кафесі ауызашарға 20-40 адамға лайықтап дастархан  жаяды. Орташа есеппен 2500-5000 теңгеге меню құрастырылады. Кафеде шылым шегуге болмайды. Автокөлік қоятын орын жеткілікті. Әр клиенттің көлігі күзет назарында, сондықтан олар жайланып отырып, кешкі асын іше алады.
Мекен-жайы: Райымбек даңғылы, 217, Полежаев көшесінің қиылысы



Естеріңізге сала кетсек, биыл Рамазан айы маусымның 6-ы күні басталып, жиырма тоғыз күнге жалғасады.
 

Отзывы