Новости кино


Жас жұлдыз Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын концертке еліміздің атынан қатыспақ, деп хабарлайды АFISHA.NUR.KZ , әншінің әкімшілігіне сілтеме жасап. 

"Жаздың 25 сәті" атты гала-концерт 16 шілдеде Беларусьтің Витебск қаласында өтеді. Оған Димаш Құдайберген қонақ ретінде қатысып, өнер көрсетеді. Жас әнші ресейлік атақты жұлдыздар Лариса Долина, Виктория Дайнеко, Валерий Леонтьевпен бірге ән шырқайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, концертке Алла Пугачева, Максим Галкин, Григорий Лебс секілді өнер жұлдыздары шақырылған.

Аталмыш концерт байқау тарихындағы жұлдызы жарқыраған 25 әншінің басын қоспақ.

Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебскте өткен эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық "Славян базары-2015" конкурсының Гран-при жүлдесін иеленген еді. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинады. Сайыстың екінші күнінде Димаш француздың Sos dun terien un detresse әнін орындады. Димаш Құдайберген Гран-при жүлдесі үшін 20 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болған. 

 

Өзге де орындаушылардың шығармашылығын Жаңалықтар бөлімінде бақылап отырыңыз.

 


 

Отзывы