Новости кино


Астана күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар санында шек жоқ. Түрлі фестивальдер, концерттер, шоу және көрмелер қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ. AFISHA.NUR.KZ астаналықтарды және барша қазақ елін Астана күнімен құттықтай отырып, 6 шілде күні міндетті түрде  барып қайтуға тұрарлық іс-шаралар тізімін ұсынады.

Astana Art fest

Нұржол бульварында қазіргі заманғы өнер мен технологиялардың ІI Astana Art Fest фестивалі жалғасуда.  Фестивальдің биылғы тақырыбы – адам энергиясы. Astana Art Fest-2016 алаңы қазіргі заман өнері,  архитектура, өндірістік дизайн және театр өнерін насихаттайды. Фестивальдің жабылу салтанаты  Астана опера театрының камералық залында 20:00-де өтеді. Барып қайтыңыз.
Нұржол бульвары, 11:00



"Шаттық" балалар шығармашылығы фестивалі

Мереке күні қалалық саябақта алты жүзге жуық өнерпаз бала өнер көрсетеді. "Шаттық" балалар шығармашылығының фестивалінде қатысушылар вокал, хореография, музыкалық аспапта ойнау, сән театры, ерекше жанр номинациялары бойынша өнер көрсетпек.
Астаналық саябақ, 11:00



"Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана" фестивалі

Фестиваль елорда тұрғындары мен қонақтарын көшпенділер өркениетімен таныстырады. Оған 300-ге жуық әртіс қатысады. Көшпенділер өмірін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, сағат 11:00 – 22:30 аралығында этноауылға бас сұғыңыз.
Хан Шатыр, 11:00-22:30



"Астана самалы" халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі

Биыл Астана қаласының әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармонияның, ҚР Ұлттық ұланының, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының, Тагилдың "Тагил- BEND" және Ресейдің Муниципалды Оренбургтің үрмелі аспаптар оркестрлері өз өнерлерін ортаға салады. 
Республика даңғылы (Әскери-тарихи мұражайдан Жастар сарайы аралығы), 11:00



"Хор турецкого" музыкалық ұжымымен халықтық караоке

"Жастар" Сарайының жазғы алаңында осы жылдың бірегей оқиғасы – Астана қаласы Әкімінің Кубогына "Поют все" караоке бойынша чемпионатының финалы өткізіледі.
Жастар сарайының алаңы, 14:00



Айтыс. "Бағаналы ордам басты ордам"

Астананың туған күнінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай "Бағаналы ордам - басты ордам" атты ақындар айтысы өтеді. Сахна төрінде осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарған, көпшілікке кеңінен танымал 12 ақын өнер көрсетеді.
Конгресс холл, 15:00



Евгений Плющенконың "Снежный король-2" мұз-шоуы

Көрермендерге арнап Андерсеннің "Қар патшайымы" ертегісінің желісі бойынша көздің жауын алатын бағдарлама әзірленген. Ұйымдастырушылар жұртты әртүрлі цирк нөмірлерімен және гимнасттардың күрделі трюктерімен таңқалдырмақ.
"Қазақстан" спорт сарайы, 16:00, 20:00



"ҰЛЫТАУ ҰЛЫ" Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті

Аты аңызға айналған қазақстандық "АБК" тобының 20 жылдығы, "Ұлытау" тобының 15 жылдығына арналған үлкен мерейтойлық концерт болмақ. Концертке белгілі қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина және "Ұлытау" этно-рок тобы қатысады. Кеш жүргізушісі - Тұрсынбек Қабатов. Кеш қонақтары: МузАРТ тобы, Төреғали Төреәлі.
Алау, 19:00



"Астана-Арқау" дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі

Бұл ерекше шара түркі халықтарының ежелгі музыкасын және мәдениетін көрсететін орындаушыларының басын қоспақ. 6 шілде сағат 18:00 - де "Хан Шатыр" ОСО алаңында шараның салтанатты жабылуы жоспарланған.
Ханшатыр, 18:00


 
Broadway bound мюзиклі

Бұл – 20 ғасырдағы белгілі америкалық мюзиклдердің үзінділерінен құралған мюзикл. Шара Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр.
Бейбітшілік және келісім сарайы, 19:00
 


 

 

 

Отзывы