Новости кино


Белгілі әнші Айқын Төлепберген 24 тамызда Семей қаласында қайырымдылық концертін береді. Бұл шара Дамир Искаков және Артем Лозов атты екі бүлдіршінге арналмақ.

 Артем өз қатарластарымен бірге мектепке бара алмайды. Бір жарым жасында алған екпенің салдарынан миының 53% қимылсыз, психикалық дамуының кешеуілдеуі анықталған. Дамирге қойған диагноз – бас миының атрофикалық өзгерісі. Бұл дерт балақайға 8 айлық кезінен жабысқан.

Қос бүлдіршінге де толыққанды жетілуі үшін үздіксіз ем-шара қабылдауы керек. Жалпы, бұл екі отбасы әр жарты жыл сайын ұлдарының емі үшін бір жарым миллион теңге көлемінде қаржы жұмсайды.

Искаковтар және Лозовтар жанұясы қол ұшын созатын қайырымды жандарға үміт артады. Айқын Төлепберген де осы жағдайға бей-жай қарай алмады. Әнші барша тындармандарды 24 тамыз, сағат 19:00-де Семей қаласы,  Абай атындағы театрда өтетін қайырымдылық концертін тамашалауға шақырады.

Анықтама телефондары:

+77476572096
+77075121583

 

Отзывы