• популярные новости

Новости кино


Эстрадаға болашағынан үлкен үміт күттірер жаңа есім келді десек артық айтқандық емес. Отандық телеарналардан көрсетіліп жүрген "Қазақ батырлары", "Бойдақ қыз", "Жүрегім сен деп сыздайды" атты әндерімен көзайым болған жас талант Камила Жұмабаеваның өнерін тыңдармандар жоғары бағалауда.

 

Осы орайда, оқырмандарымызға өзіңізді таныстыра отырсақ, өнерге қалай келдіңіз?

Мен Павлодар қаласында туып-өстім, музыкалық білімім бар. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында "Классикалық вокал" мамандығын оқып-тәмамдадым.

Кішкентай кезіңізден өнер жолына түсуді армандадыңыз ба?

Иә, 5 жасымнан ән айтып жүрдім. Ата-анам "талантың бар, даусың бар" деп мені музыкалық мектепке берді. Фортепиано класында оқыдым. Содан кейін Павлодар қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжге түстім. Эстрадалық вокал класынан оқып бітірдім. Содан соң Алматыға келіп консерваторияға түстім. Мені классикалық вокал қызықтырды.

Бейнебаяндарыңыз республикалық арналардан көрсетіліп жүр. Продюсеріңіз бар ма? "Бойдақ қыз" әніне түсірілген бейнебаянның дүниеге келуі жайлы айтып берсеңіз?

Идеясы өзімдікі. Қазіргі кезде "бойдақтық" өте өзекті мәселе болып тұр. Осы ойды ақынмен бөлісіп, жазып беруін өтіндім. Ал бейнебаянға келер болсақ, оның сценарийі жас талантты режиссер Сәкен Битаев екеуміздің ортақ жемісіміз.

 

Ал, өзіңіз бойдақсыз ба?

Иә, мен бойдақпын (күледі). Өзім бойдақ болған соң осы тақырыпты көтеріп жатырмын.

Бейнебаяндағы оқиғадағыдай ата-анаңыз "тезірек күйеуге шық" деп жиі айта ма?

Иә, ол - шындық қой, айтады.

Сізге қандай жігіттер ұнайды?

Ақылды, көп сөйлемейтін, салмақты жігіттер ұнайды.

Тұрмысқа қашан шығасыз?

Тұрмысқа шығу керек, ойымдағы жігітті кездестірсем, шығатын шығармын. Бірақ әлі жолықтырмадым. 

Тойға шығасыз ғой? Бейнебаян түсіру арзан емес...

Иә, тойларға шақырады, бейнебаянға сол ақшамды жинап түсіремін. 

Жоспарыңыз қандай?

Қазіргі кезде ән жаздырып жатырмын.

Қазір сізді көшеде тани ма?

Иә, көбінесе жігіттер таниды. "Қазақ батырлары" әні шыққан соң, әлеуметтік желілерде достарым көбейді. Олар маған "бойдақсыз ба?" деген сұрақты жиі қояды. Қыздар да пікір жазады. "Сізге ұқсасақ", "әндеріңізді ұнатамын" деп жатады.

Ендеше, өнеріңіз өрге жүзсін, шығармашылық табыс тілейміз! 


Тағы да оқыңыз:

"Алашұлы" тобы: Халықтың қазіргі сұранысын түсіну қиын

Мөлдір Әуелбекова: Абыройымнан айырмасын деп тілеймін

Отзывы