Новости кино


22 қыркүйекте отандық "04:29" мелодрамасының премьерасы болады деп хабарлайды AFISHA.NUR.KZ.

Фильмнің қоюшы режиссері - Мереке Мұқан, продюсері Ардақ Балмұхаммед.

Сюжет бойынша Әлихан мен Ажар бұл фәниді қиып, өз-өздеріне қол жұмсамақ болады. Алайда бұл кездейсоқ кездесуден соң, екеуінің өмірі түбегейлі өзгеріп, қым-қуыт оқиғалар желісіне жалғасады. Бірақ, ол көпке созыла ма, жоқ па... белгісіз.

Сценарий авторлары - Жәмит Көшербаев, Азамат Әбжанов, Мереке Мұқан, Басты рөлдерді Ербол Семқұлов пен Карина Хурамшина сомдайды. Қоюшы суретші - Шашубаев Берікбол, композиторы - Ермек Елгезеков, операторы - Жазыбаев Фархат.

Біз елімізде бүгінгі таңда өткір мәселенің біріне айналып отырған суицид тақырыбын фильмнің өзегі ретінде алып отырмыз. Біздің айтпағымыз – өмірде кезедесетін қиындықтан шығуда өз-өзіне қол жұмсау - соңғы шешім емес, - дейді жоба продюсері Ардақ Балмұхаммед. 

Фильмнің түсірілімі 2015 жылдың күзінде басталып, жарты жылға созылыпты.

"04:29" фильмін кинотеатрлардан 22 қыркүйектен бастап көріңіздер.

Отзывы